Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт министрліктері мен ведомстволары басшыларының қатысуында Ташкент қаласында үлкен шара өтеді.
Осы гара аясында бүгін Өзбекстан мен Қазақстанның спорт министрлері достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға арналған кездесу өткізді.
Кездесуге Өзбекстан Республикасының Спортты дамыту министрі Адхам Икрамов, Өзбекстан ҰОК бас хатшысы Айбек Касимов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев және оның орынбасары Серік Жарасбаев қатысты.
Көңілді атмосферада өткен кездесуде Адхам Икрамов Өзбекстан Президентінің республикада дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жүргізіп жатқан реформаларымен таныстырды.
Екі ел де құрлықта ғана емес, әлемде спорт саласындағы позицияларын нығайтып келе жатқаны белгілі. Тараптар бірлескен даму стратегиялары мен достық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Осы орайда ірі кешенді жарыстар, құрлықтық және әлем чемпионаттары қарсаңында екі елдің ұлттық құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу, ғылым мен медицина саласындағы жетістіктермен бөлісу, жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыру жөнінде пікір алмасылды, делінген ҰОК хабарында.