English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент облысында ірі жер көшкіні болды
12:44 / 2019-07-10

Ташкент облысындағы Ангрен көмір кенінің солтүстік бөлігінде 20 миллион метр кубты құрайтын жер көшкіні болған.


2019 жылдың 8 шілде күні шамамен сағат 15:30 да Ташкент облысындағы Ангрен көмір кенінің солтүстік бөлігінде 20 миллион метр кубты құрайтын жер көшкіні болған.

«Өзбекстан темір жолдары» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабар беруінше, болған табиғи апат инженерлік коммуникация, көлік және темір жолдар мен Ангрен көмір кені үшін ешқандай қауіп төндірмейді.

Табиғи апат болуының негізгі салдары көктем мезгіліндегі жауған жауынның кесірінен жер асты суының көбейуі мен гидродинамикалық басымның артуына алып келген. Нәтижеде құмды торпақтар еріп жер астында бос кеңістік пайда болғандығының арқасында осы табиғи апатқа әкеп соқты.

Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасы қауіпті геологиялық процестерді бақылау мемлекет қызметі тарапынан осы сынды апаттардың алдын алу мақсатында көшкін тұрақты түрде күзету астында. Сондай-ақ аталған аймақта Төтенше жағдайлар министрлігі мен Жол ережесі қауіпсіздігі басқармасының қызметшілері күндіз-түні кезекшілік етуде.