Ташкент метросында тоқтап қалған пойызды артынан келген пойыз соғып кетті
Ташкент метрополитені бекетінің бірінде тоқтап қалған пойызды артынан келген пойыз соғып кетті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 18 наурызда сағат 20:10 шамасында Ташкент метросының «Ұлы Жібек жолы» бағытындағы «Алмазар» метро станциясынан «Сіргелі» бағытындағы «Чоштепа» метро станциясына қарай қозғалатын 4 вагонды пойыз техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалуы нәтижесінде осы бағытта келе жатқан арттағы пойыз келіс соқтығысқан.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Вагондарға да қатты зақым келмеген. Метрополитеннің «Сіргелі» бағытындағы оқиға болған бөлігінде қозғалыс уақытша тоқтатылып, қалған пойыздардың қозғалысы қосымша (көмекші) бағыт бойынша жалғасты.
Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар толығымен реттеліп, қозғалыс қайта басталды.