English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент аумағында халықаралық террористік топтардың күдікті 21 мүшесі ұсталды
10:29 / 2020-02-27

Күдіктілердің тұрғылықты жерінде қылмысқа қатысты дәлелді заттар табылып, заңды түрде тіркелген


Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша 26 ақпан күні Ташкент қаласы және Ташкент облысында жасырын жұмыс істеген халықаралық террористік ұйымдар мен экстремистік топтардың ағымындағы 21 кісі қолға түскен.

Анықталуынша, бұл азаматтар Ташкентте және Ташкент облысында заңсыз діни жиналыстар өткізіп, онда Сириядағы халықаралық террористік ұйымдардың идеяларын насихаттаған және . осы ұйымдардың қызметіне қолдау көрсетіп олар қатарына қосылуды жоспарлаған.

Осы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 244-2-бап 1 бөлімі бойынша (діни экстремистік, сепаратистік, фундаменталистік немесе басқа тыйым салынған ұйымдарды құру, бағыттау, қатысу) қылмыстық іс қозғалып Ташкент қаласы мен облыс аумағының 24 жерінде тінту жұмыстары жүргізілуі нәтижесінде 21 адам қамауға алынды. 

Сонымен қатар күдіктілердің тұрғылықты жерінде қылмысқа қатысты дәлелді заттар табылып, заңды түрде тіркелген және қазіргі тергеу амалдары жүргізілуде.