Ташкент қаласында қалдықтарды сұрыптау жайлы жоба сынақтан өтуде

Тазалықты ретке келтірер бұл жобаға әр бірі 120 литрлі болған 630-дан асық пластик ыдыстар Ташкент қаласы көшелеріне орналастырылды
Бұл жоба қоқыс салар ыдыстың сыртына жазылған арнаулы қалдықтарға арналған болып, қала тұрғындары үйден шығарар керексіз қоқыс заттарын аулаға шығармас бұрын ретке келтіріп, белгіленген жәшікке тастайтын болады.
Тазалықты ретке келтірер бұл жобаға әр бірі 120 литрлі болған 630-дан асық пластик ыдыстар Ташкент қаласы көшелеріне орналастырылды. Бұл қоқыс салар жәшіктердің түсі бағдаршам түсті түрлі болып, жасыл түсті ыдысқа ас үйдегі және тұрмыстық органикалық қалдықтары салынса, сары түсті ыдысқа пластикалық заттар мен қағаз, металл және басқа құры заттардан құралған қоқыстар салынбақ. Ал қызыл түсті жәшік тұрмыстық жарамсыз қалдықтарға арналған.
Түсіне байланысты түрлі қалдықтар салынатын бұл қоқыс жәшіктерін тазартуға әр бірі үшін арнайы көліктер келетін болып, қалдық тасушы транспорт көлігіде дәл осы жүйеде жұмыс жасамақ. Аптаның алғашқы күні жасыл жәшік тазартылса, сәрсенбіде сары түстісі және жұма күні қызыл ыдыстың қоқысына арналған көлік келетін болады.