English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Түлектерге – тілек!
19:51 / 2020-05-25

Бүгінгі мектеп бітіруші барлық жас түлекке алдағы өміріне сәттілік тілей тұрып жас талантты ақын Мейрамбек Абдіқалиевтың өлеңін ұсынамыз


Бүгінгі мектеп бітіруші барлық жас түлекке алдағы өміріне сәттілік тілей тұрып жас талантты ақын Мейрамбек Абдіқалиевтың «Түлектерге – тілек» атты өлеңін ұсынамыз. 

мейір.jpg
Мейрамбек Абдіқалиев 1992 жыл ҚарақалпақстанРеспубликасы Тақтакөпір ауданы Мәулік ата ауылды мекенінде туып өскен. Қазірде 17-сан мектептің қазақ тілі жəне əдебиеті пəні мұғалімі.








Түлектерге – тілек!

Бала күннен, дана күнге өту сын.
Тарыдай боп кеп, Таудай болып кету шын.
Үлкен – үлкен биіктерге шығар деп,
Үлкен – үлкен үміт күтем оқушым!

Алға самға, қалсын мейлі ауылың.
Отан үшін керек от боп жануың.
Үлкен өмір – үлкен майдан, ал онда.,
Мектеп берген білім ғана қаруың.

Алдында бол, өмірде де өнерде.
Қайткенде де сыйлы адам бол еліңе.
Мақсатыңа жетпегенше – шаршама,
Арманыңа жетпегенше – бөгелме.

Көп қарама, қалдығой деп балалық,
Үлкен өмір ұнатпайды шалалық.
Балапан боп ұшқан мына ұяға,
Қыран болып кеп тұрыңдар оралып.
(Қаласаңдар құшақ - құшақ гүл алып.)