
Өзбекстандағы ең биік сарқырама Гиссар тау жотасындағы «Сутушар» сарқырамасы. Ол 4000 мың метрден астам биіктегі тау шыңынан бастау алады. Сарқырама атауының негізгі мағынасы «Сүтті сарқырама» дегенді мәнді береді. Бұл атау бұрында сарқырама суының түсі соған ұқсас болғандықтан солай аталып кеткен.
Қыс ауасының суғына қарамай табиғат деп аталатын ұлы суретшінің салған өнер туындыларын іздеу мақсатында аймақтар бойынша экстремалды саяхатты жалғастырамыз.
Бұл жолы баратын мекен «Сувтушар» сарқырамасы болды. Белгіленген жерге жеткенде қар басқан таулы жолдармен жүру қауіпті екені айтылды. Бірақ қызығысымыз артып, жолда жалғастырдық. Алдымен жергілікті орман шаруашылығы мекемесінің «Нива» көлігімен Шахрисабз ауданы «Оммоған» ауылының орталығына, одан кейін УАЗ көлігімен «Сувтушар» ауылына жол тарттық. Таудың ойлы-қырлы жолдары құрғақшылық кезінде қауіпті, қысқы жағдайды айтпаса да белгілі. Бағымызға УАЗ жүргізушісі өте білікті. Бір жағы биік таулар, бір жағы терең сай. Бірдеңе етіп «Сувтушар» ауылына жеттік. Сарқырама әлі алыста. Көліктің бұдан қарай жүруге мүмкіндігі болмай, Гисар қорығының сақшылары ашқан жылан жолмен жалғастырдық. Ақыры сарқырамаға да жеттік.
[gallery-10310]
Бірегей табиғаты бар Гисар мемлекеттік қорығының бір бөлігі Қашқадария облысы Шахрисабз ауданы «Сувтушар» ауылымен шектеседі. Сарқырама осы ауылдың жоғарғы жағында орналасқан. Ол ауданға ерекше көрік беріп тұрады. Қорық аумағынан басталып, ағып жатқан сайлар, өзен суларының ең үлкені осы «Сувтушар» сарқырамасы. Ол теңіз деңгейінен 2100 метр биіктікте орналасқан. Сарқыраманың биіктігі 84 метр, ол үлкен жартастар мен арша ағаштарының арасында орналасқан.
Қазіргі аномальді суық ауа температурасына байланысты сарқырама толық мқз қатқан. Осы көрінісімен де көктемгі-жазғы маусымдағы секілді айбынды да әдемі көрінеді.
<iframe width="650" height="420" src="https://www.youtube.com/embed/IGL44EyRqZs" title="Сувтушар шаршараси: табиат яратган бетакрор манзара" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>
Шынын айтқанда, таудың салқын ауасынан біраз шошығанымызбен, межелі жерге жеткенде керісінше жағдайды көрдік. Жүз рет естігеннен бір рет көрген жақсы. Сарқырама алдындағы табиғатты айтып жеткізу мүмкін емес. Аудан әкімі көмекшісінің айтуынша, соңғы жылдары сарқырама мынадай мұздаған емес.
Уйгун Гасановтың айтуынша, сарқырама – өңірдің ең әдемі ғажайыптарының бірі. Оны тамашалауға көптеген қонақтар келеді. Аудан және облыс әкімдерінің бастамасымен бұл аумақты туристік аймаққа айналдыру мақсатында ірі жобалар жасалып, қазір кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сарқыраманың айналасы барлық маусымда әдемі.
Сарқыраманың үстіңгі жағы толығымен қатып қалған. Жоғарыдан құлаған су мұздың астымен ағып жатыр. Сарқырама үстіндегі алып мұздық бейнесі өз мұздықтарын қанатты қыран құстай қорғап тұрғандай әсер қалдырады.
Қорыта айтқанда, қақаған аязды күнде де «Сувтушар» сарқырамасындай ғажайыптар адамға қайталанбас ләззат сыйлайды. Әрине жолыңыз түсіп, осы маңнан жүрер болсаңыз «Сувтушар» сарқырамасын көре кетсеңіз еш өкінбейсіз.
Улмас Баратов, Жамшид Нарқабилов (сурет, видео), ӨзА