English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сон Хён Мин 2019 жылғы Азияның үздік футболшысы болды
16:35 / 2020-01-03

Бұл марапат 2013 жылдан бері жыл сайын «Titan Sports» медиа порталы және «FOX Sports Asia» арналары тарапынан беріліп келеді


2013 жылдан бері жыл сайын «Titan Sports» медиа порталы және «FOX Sports Asia» оңтүстік шығыс Азия аймағындағы спорт арнасы тарапынан анықталатын Азияның үздік футболшы номинациясының биылғы жеңімпазы Оңтүстік Кореялық шабуылшы Сон Хён Мин атанды.

27 жасар Лондонның «Тонттенхэм» клубы сапындағы ала доп шебері өткен жылы да дәл осы номинацияның жеңімпазы болған еді. Оның биылғы Чемпиондар Лигасы мен Англия премьер-лигасындағы көрсеткен ойындары жанкүйерлердің ықыласын өзіне аударғанының бір дәлелі болса керек 258 ұпаймен тағыда осы марапатқа лайық табылғаны.

Ал, осы марапатқа үміткерлер сапында болған өзбекстандық ресейдің «Растов» клубында доп тебуші Элдор Шомуродов 10 ұпай мен 12 орынды иеленген. Тағы бір қызық тұсы Шомуродовқа Сон Хён Миннің алдыңғы командасы Германияның «Штутгард» клубы 15 миллион еуро беруге ауызша ұсыныс жасағаны жайында «Спорт-Экспресс» басылымы хабарлаған болатын. 

6945488de87b99441d5f03a1456315d4.jpg