Сомалиде жанкешті 20 азаматтың өліміне себеп болды

Сомали астанасы Могадишодағы әскери жаттығу базасындағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті.
Жергілікті Goobjoog News порталының дерегінше, Сомали астанасы Могадишодағы әскери жаттығу базасында сейсенбі күні таңертең жанкешті өзін-өзі жарып жіберген.
Портал ақпаратында, жарылыс кезінде террорист Сомали армиясына шақырылушылар қатарында болған, құрбан болғандардың көпшілігі бейбіт тұрғындар екені айтылады.
Әзірге оқиғаға байланысты жауапкершілікті бірде-бір топ өз мойнына алған жоқ.