Сомали астанасында жарылыс болып, алты адам қаза тапты

Бейсенбі күні Могадишода президент сарайына жақын маңдағы адам көп жүретін көше қиылысында жарылыс болып, кем дегенде алты адам қаза тапты.
Reuters-тің хабарлауынша, жарылғыш затты іске қосқан лаңкестің нысанасы сайлау учаскесіне бара жатқан сайлаушыларды тасымалдайтын автобус болған.
Жолаушылардың бірінің айтуынша, автобуста ешкім зардап шекпеген. Жарылыс кезінде өзін жарып жіберген жанның қасында болған адамдар көз жұмған.
«Біздің қызметкерлер жарылыс болған жерден алты адамның мәйітін шығарды», - деген жергілікті жедел жәрдем қызметінің басшысы Абдикадир Абдирахман.