Солтүстік Кореяда жарты миллионнан астам COVID-19 жағдайы анықталды

КХДР-да сәуірдің соңынан 13 мамырға дейінгі аралықта жалпы 524 440 COVID-19 жағдайы анықталды.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, бүгінге дейін науқастардың 243 630-ы толық жазылып шықса, 280 810-ы ем қабылдауда. Жалпы 27 адам қайтыс болған.
Әлемде пандемия басталғаннан бері Солтүстік Корея 12 мамыр, бейсенбі күні алғаш рет елде коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелгенін жариялады.
Кореяның орталық ақпарат агенттігінің (KCNA) мәліметінше Ким Чен Ын коронавирустың өршуін «ел құрылғаннан бергі ең үлкен соққы» деп атаған.