Солтүстік Корея Ресейге қару-жарақ жеткізілуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Солтүстік Корея Ресейге ешқашан қару-жарақ экспорттамағанын және мұны жоспарламайтынын мәлімдеді.
«Біз Ресеймен ешқашан «қару мәмілелер» жасамағанымызды және болашақта оны жасасу жоспарымызда жоқ екенін тағы бір рет айтамыз», - делінген Кореяның орталық ақпарат агенттігі (KCNA) хабарында.
Пхеньян мәлімдеуінше, Вашингтон мұндай жеткізілім туралы қауесет таратып отыр.
Солтүстік Кореяның әскери департаменті Вашингтонның мұндай әрекеттерін «Халықаралық аренада КХДР беделін түсіруге бағытталған дұшпандық әрекетінің бір бөлігі» деп санайтынын айтқан.