English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Соңғы 4 айда Өзбекстанға 124,8 мың тонна бидай ұны әкелінді
12:53 / 2022-05-28

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Өзбекстан 38,5 миллион долларға 124,8 мың тонна бидай ұнын импорттаған.

Мемлекеттік статистика комитетінің хабарлауынша, бидай ұны импортының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 мың тоннаға артқаны айтылды.

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Өзбекстан бидай ұнын ең көп импорттайтын елдер қатарында қазақстан көш батап тұр - 122,8 мың тонна.

Қалған елдер көрсеткіші келесідей:

  • Ресей – 1,9 мың тонна;
  • АҚШ - 50 тонна;
  • Италия - 27 тонна;
  • Үндістан - 2 тонна;
  • Франция – 1,8 тонна.