СІМ басшысы Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арнайы өкілімен кездесті

2022 жылғы 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэйді қабылдады.
Өзбекстан СІМ дерегінше, Қытай Үкіметінің арнайы өкілінің сапары Өзбекстан мен Қытай Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына (1992 ж. 2 қаңтар) тұспа-тұс келіп отыр.
Кездесуде «Қытай-Орта Азия» диалогын одан әрі жандандыру перспективалары да екіжақты талқыланып, Өзбекстан мен Қытайдың аймақтық саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарының жақындығы атап өтілді.
Осы уақытқа дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы мен түрлі деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі қаралды.
Тараптар «Өзбекстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанының 30 жылдығы» аясында ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.