English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ басшысы Қазақстан елшісін қабылдады
10:47 / 2023-01-06

2023 жыл 5 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бақтияр Саидов Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.

СІМ мәліметінше, заманауи кезеңде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастары тұрақты дамып келеді. Өзбекстан мен Қазақстан басшыларының сенімді де сындарлы диалогы барысында ынтымақтастық қарқынды дамып келеді.

Кездесуде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үдерісін жетілдіру жөнінде пікір алмасылған.

«Парламенттер, министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ екі елдің өңірлерінде өтіп жатқан іс-шаралардың түрлі аспектілері қарастырылды.

Сауда, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы қарым-қатынастарды жандандырудың маңыздылығы сөз болды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық және өңірлік құрылымдар аясында диалогты жалғастыруға дайын екені растаған.

Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндіктер бар екені, бұл бауырлас халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың маңызды факторы екені айтылған ведомство ақпаратында.