СІМ басшысы Корея елшісімен кездесу өткізді

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Бахтиёр Саидов Корея Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Хи Сангты қабылдады.
СІМ дерегінше, кездесу басында Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы елшіні ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылмен («Sollal») құттықтады.
Кейінгі жылдары Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас ерекше стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгені атап өтілді.
2023 жылы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әртүрлі деңгейдегі алдағы іс-шаралардың кестесі талқыланды, делінген ведосмтво ақпаратында.