Сириядан 98 азамат Өзбекстанға қайтарылды

Бүгін 8 желтоқсанда, таңертең, ел маңызды мерекені тойлап жатқан кезде, Өзбекстан Президентінің бастамасы және бақылауымен үшінші «Мейірім» гуманитарлық операциясы аясында Сириядан Өзбекстанға 100-ге жуық азамат әкелінді.
Бұған дейін 2019 жылы осынау «Мейірім» гуманитарлық операциясы аясында Сирия мен Ирак елдерінен жалпы 220 азамат - әйелдер мен балалар, Ауғанстанның проблемалы аймақтарынан 96 адам әкелінген болатын.
Міне осы бастамалардың жалғасы ретінде бүгін үшінші гуманитарлық операция аясында Сириядан 98 азамат Өзбекстанға қайтарылды. Олардың 25 әйел мен 73-і жас балалар екені (14-і мүлдем ата-анасынан ажрап қалғандар) айтылған.
[gallery-334]
«Мейірім-3» гуманитарлық операциясы аясында елге оралғандар енді арнайы шипажайларға орналастырылып, ыстық тамақ пен киіммен қамтамасыз етіледі. Алдағы уақытта олармен дәрігерлер, психологтар мен мұғалімдер тұрақты жұмыс істейтін болады.