English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сингапур шекарада автоматты биометриялық бақылау жүйесін енгізеді
09:51 / 2022-05-19

Сингапур билігі жақын арада елге келіп-кететіндердің барлығы үшін шекарада автоматты биометриялық бақылау жүйесін енгізуді бастайды.

 «Біз Сингапур елінен шетелге шыққан кезде төлқұжат, отырғызу талоны немесе басқа жол жүру құжатын көрсетудің қажеті жоқ, тек биометриялық көрсеткіштер жеткілікті болатын бастама әзірлеп жатырмыз. Бұл бақылау процедураларын жылдамдатып қана қоймайды, сонымен қатар қауіпсіздікті, соның ішінде коронавирустық пандемия фонында нығайтуға көмектеседі», - деген Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хин The Straits Times басылымының дерегінде.

Жаңа жүйе биылдан бастап барлық шекаралық өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізіле бастайды деп күтілуде. Билік биометриялық бақылау жергілікті тұрғындарға, Сингапурда тұрақты тұратын басқа мемлекеттердің азаматтарына және шетелдік туристерге пайдалы болады деп санайды.