Симона Халеп 2026 жылға дейін спорттан шеттетілді

Румыниялық теннисші Симона Халеп допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2026 жылдың қазан айына дейін спорттан шеттетілді.
Симонаның 2022 жылдың аяғындағы сынағы оң нәтиже берді. Оның тапсырған тестінен роксадустат заты анықталды. Оның биологиялық төлқұжатында да заңсыздықтар бар екені анықталған. 11 қыркүйекте тәуелсіз трибунал отырысы өтіп, ұйым спортшыны ережені қасақана бұзды деп тапты.
Трибунал теннисшінің тыйым салынған заттың тағамдық қоспада болғаны, бірақ ингредиенттерде көрсетілмегені туралы айғақтарын назарға алды. Алайда, заттың бұл мөлшері денедегі бұл концентрацияға әкелмейтінін ескере отырып, Халепке дисквалификациялық жаза қолданылды.
Халептің дисквалификация мерзімі 2026 жылдың 6 қазанында аяқталады.