Швеция парламенті елдің жаңа премьер-министрін тағайындады

Швеция парламенті Қалыпты коалициялық партияның жетекшісі Ульф Кристерссонды елдің жаңа премьер-министрі етіп бекітті.
349 орындық парламентте У.Кристерссонды 176 депутат жақтап, 173 –і қарсы дауыс берді. Қалыс қалғандар болған жоқ.
Жаңа премьер-министр өз кабинетінің құрамын 18 қазанда жариялайды деп күтілуде.
Жақында өткен сайлауда В.Кристерссон басқаратын «қалыпты коалиция» партиясы, христиан-демократтар, либералдар және швед демократтарынан тұратын «көк» альянсы парламенттегі 176 орынға ие болған еді.