English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шетелге шығу биометриялық төлқұжатты Бірыңғай портал арқылы алу тәртібі белгіленді
12:52 / 2022-01-07

Өзбекстаннан шетелге шығуға арналған биометриялық төлқұжатты Бірыңғай портал «my.gov.uz» арқылы алу тәртібі белгіленді.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, азаматтар шетелге шығуға биометриялық төлқұжатын алу үшін ерікті түрде өтініш бере алады: 

  • Ішкі істер министрлігінің көші-қон және азаматтық актілерін тіркеу бөлімдері арқылы; 
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару арқылы; 
  • Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталы арқылы.

Өтінішті беру кезінде сауалнама толтырылады, егер өтініште қате мәліметтер болса немесе құжаттар толық болмаса, өтініш берушіге кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні беріледі және қателер дұрысталмаған жағдайда өтінішті қабылданбайды.

Шетелге шығуға арналған биометриялық төлқұжат алу үшін азаматтар 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік баж салығын төлейді.

Өтініш берушіге 1 жұмыс күні ішінде өтініштің қабылданғаны және фотосуретке түсіру мен саусақ іздерін алу үшін келу күні туралы хабарланады.

Шетелге шығуға арналған биометриялық төлқұжат 10 жұмыс күні ішінде беріледі.