English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шахмат: Нодирбек Абдусаттаров әлем чемпионы Магнус Карлсенді ұтты
12:37 / 2023-01-20

Нидерландының Вейк-ан-Зее қаласында шахматтан өтіп жатқан Tata Steel-2023 турнирінде өзбекстандық шахматшы Нодирбек Абдусаттаров әлем чемпионы Магнус Карлсенді ұтты.

5-ші турда 18 жасты Нодирбек қара фигурада қазіргі әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсенді тізе бүктірді. Осы нәтижеден кейін Нодирбек 5 мүмкіндіктен 4 ұпай жинап, « Masters » тобының көшбасшысы атанды. Бұған дейін Абдусатторов венгрлік Ричард Раппортты, ирандық Пархам Максудлуды жеңіп, америкалық Фабиано Каруана мен үндістандық Доммаржу Гукешпен тең түскен еді.

Tata Steel-2023 турнирі 29 қаңтарға дейін жалғасады.