English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Үргеніштегі ІТ-парк жұмысымен танысты
18:26 / 2023-03-31

Президент Шавкат Мирзиёев бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологиялар технопаркінің Хорезм филиалына барды.

15 миллиард сумнан астам қаржыға құрылған бұл орталық 4500 жасты ақпараттық технология саласына оқыту және IT қызмет көрсетуге қауқарлы. Бұл жастардың заманауи мамандықтарды игеріп, өз жолын табуына маңызды фактор. Атап айтқанда, бұл кешенде 250 қыз-жігіт жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына IT-паркте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы мәлімет берілді.

Мұнда оқу сабақтарын ұйымдастыру және ІТ қызметтерін экспорттау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мақсат та осыған сай, биылғы жылы экспорт көлемін 3 миллион долларға жеткізу көзделген.

Осында ІТ-парк тұрғындарымен, ақпараттық технология саласында жұмыс істейтін жастармен сұхбат болды. Олар өзерінің жұмысы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы жастардың пікірін тыңдап, олардың ұсыныстарын қолдауды жауапты тұлғаларға тапсырды.