Шавкат Мирзиёев Мысырдың жетекші компаниясының басшысын қабылдады

29 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Мысырдың «Orascom Investment Holding» компаниясының төрағасы Нажиб Савиристі қабылдады.
Мысырдың жетекші инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының басшысы жоғары деңгейдегі келісімдер аясында Өзбекстан сапармен жүр.

Кездесуде компанияның бірлескен «жол картасы» аясында Өзбекстанда құны 1,2 миллиард доллардан асатын ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлары талқыланды.
Азық-түлік өнімдерін өндіру, металл кен орындарын геологиялық барлау мен игеруді жүзеге асыру, заманауи қонақ үй кешендерін салу және басқару, күн және жел электр станцияларын салу бойынша перспективалық жобалар талқыланды.
