English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев махалладағы жағдаймен танысты
00:21 / 2023-08-30

Мемлекет басшысы Ташкент қаласының Сергели ауданындағы «Янги Бунёдобод» махалласында болып, жағдаймен танысты.

Мұнда 6 мыңнан астам адам тұрады. 13 көпқабатты тұрғын үй, мектеп, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде барлық жағдай жасалған. Махалланың драйвері – қызмет көрсету. Жақында тұрмыстық қызмет көрсету орындары мен тігін кәсіпорны бар бизнес орталығы салынды. Жергілікті жастар пайдалы жұмыспен айналысуда.

Президент тігін фабрикасында әйелдермен әңгімелесті. Оның басшысы әйелдер кәсіпкерлігіне берілген мүмкіндіктің арқасында жаңа техника алып, қызметін кеңейткен.

– Біз қыз-келіншектер мәселесіне неге ерекше көңіл бөлеміз? Өйткені бұл – отбасына, балаларымызға, болашақ ұрпақтарымызға деген көңіл, – деді Шавкат Мирзиёев.

Азаматтар жиналыс ғимараты заманауи түрде салынған. Сондай-ақ кітапхана мен тіл үйрену үйірмесі бар. махалла аумағы абаттандырылған. Ойын алаңдары мен спорт алаңдары жөнделген. Екі жылдан бері бұл махаллада бірде-бір қылмыс жасалмаған.

Ауданның төрағасы және белсенділерімен болған әңгімеде жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік шаралар мен байқаулар ұйымдастыру, бос уақыттарын мазмұнды өткізу жайы сөз болды. Аудан басшыларына әлеуметтік маңызы бар жобаларды көбейту және күзгі-қысқы маусымға дайындық бойынша тапсырмалар берілді.