English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзиёев Имам Бұхари кешеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты
14:23 / 2023-08-24

Президент Шавкат Мирзиёев 24 тамызда Самарқанд облысына келді.

Мемлекет басшысы алдымен Паярық ауданына барып, имам Бұхари кесенесін зиярат етті. Құран оқылып, дұға бағышталды.

– Тәңірім, дұға-тілектеріміз қабыл болсын, Алла елімізді тыныш, берекелі етсін. Міне, Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығы қарсаңында тұрмыз. Халқымызбен бірге осы күнге жеткенімізге шүкіршілік етеміз. Біздің алдымызда үлкен жоспарлар бар. Ол үшін екі есе көп жұмыс жасау, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу керек. Әр салада білімді арттырсақ, нәтиже жоғары болмақ. Жастарымыз Имам Бұхари, Мырза Ұлықбек сынды аталарымызға лайықты болғанын қалаймыз, – деді Шавкат Мирзиёев.

Исламдық ағартушылыққа қатысты Бұхара сияқты Самарқандта да үлгі жасау керектігі баса айтылды. Ғұламаларымыздың мұрасын пайдалана отырып, надандыққа қарсы ағартушылықты күшейту, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтау жөнінде нұсқаулар берілді.

Қазіргі таңда Имам Бұхари кешені қайта салынуда. Мемлекет басшысы әрлеу жұмыстарының үлгілерін көрді.