English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
23:45 / 2022-01-13

13 қаңтарда Қорғанысты басқару ұлттық орталығында Өзбекстан Республикасы Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Шараға Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, Қарулы Күштердің қолбасшылық құрылымы, әскери-әкімшілік секторлардың басшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Осындай кездесу жыл сайын Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізу игі дәстүрге айналған. Биыл Өзбекстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толады. Жиын басында Мемлекет басшысы барлық әскери қызметшілер мен сала ардагерлерін бүгінгі мерекемен құттықтады.

Жиында Қарулы Күштер мен әскери-әкімшілік сектордың 2021 жылғы қорытындылары сарапталып, алдағы уақыттағы басымдықтар айқындалды.

Соңғы бес жылда әскери құрылыстың барлық саласында жүргізілген кешенді шаралардың нәтижесінде ұлттық армиямыздың келбеті де, әскерлердің дайындық деңгейі де өзгерді. Әскери бөлімдер мен полигондардағы инфрақұрылым, сарбаздар мен офицерлер үшін жағдай жақсарды. 2021 жылы Армия халықаралық ойындарында Өзбекстан әскери қызметшілердің екінші орын алуы да саладағы дамудың жемісі.

Кездесуде Мемлекет басшысы кадр даярлау және озық әдістемелерді кеңінен насихаттау мәселелеріне тоқталды. Әскери оқытушылардың біліктілігін арттырып, Қарулы Күштер академиясын әскери ғылым орталығына айналдыру керектігі айтылды. Жақында ғана іске қосылған Әскери мұра және заманауи зерттеулер институтына оны әскери білім және ғылыми қызмет жүйесіне тиімді енгізу міндеті жүктелді.

Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен қамтамасыз ету, қолданыстағыларын жаңғырту да әскери құрылыс саласындағы басым бағыттардың бірі болмақ.

Осы мақсаттар мен заманауи қатерлердің сипатын негізге ала отырып, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық бағдарламасын қабылдау міндеті қойылды.

Қарулы Күштер Бас штабының қызметін сапалы жаңа деңгейге көтеру, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін нығайту жөнінде тапсырмалар берілді.

Жаһандық ақпараттық кеңістіктегі қызу күрестің қазіргі жағдайында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастарды жат идеялардан қорғау, әскери қызметшілерді психологиялық тұрғыдан дайындап, жауынгерлік рухты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

Қолбасшылық құрамның заманауи іс-қимылдарды жоспарлау, әскерлерді ұтымды басқару, қолда бар күштер мен құралдарды тиімді пайдалану дағдыларын жетілдіруі қажет екендігі айтылды.

Жауынгерлік іс-қимылдар динамикасы артып, жаңа әдістер пайда болып жатқан қазіргі жағдайда табыс ,көп жағдайда командир-сержант басқаратын шағын бөлімшелердің қозғалысына байланысты. Сондықтан Қарулы Күштер үшін сержант-нұсқаушыларды даярлау жүйесін түбегейлі жетілдіру міндеті қойылды.

– Халқымыздың қауіпсіздігін, тыныштығы мен бейбітшілігін сақтау бүгін де, келешекте де басты басымдығымыз болып қала бермек. Себебі, еліміздің жан-жақты дамуының басты кепілі – бейбітшілік қана. Жаңа – 2022 жыл барлық салада, соның ішінде Қарулы Күштерде де шешуші жыл болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.