Шавкат Мирзияев жаңа зауыттың жұмысын іске қосты

Президент Ташкентте «Samsung» брендімен шығатын жаңа тұрмыстық тоңазытқыш өндіріс орының жұмысына старт берді
Президент Шавкат Мирзияев бүгін Ташкентте «Samsung» брендімен шығатын жаңа тұрмыстық тоңазытқыш өндіріс орының жұмысына старт берді.
Ташкенттегі «Технопарк» өндірістік кешенінде орналасқан бұл жобаның жалпы құны 51,5 миллион доллар құрайды. Зауыттың барлық құрал жабдықтары Оңтүстік Кореяның «Samsung Electronics» компаниясының технологиясымен жабдықталған.
Кәсіпорындағы өндірістік процесті толық автоматтандыру нәтижесінде әр 19 секунд сайын бір өнім шығару мүмкіндігі бар зауыт осы тоңазытқыштардың 30 пайызын экспорттауды жоспарлаған. Жылдық экспорттық көлемі 50 млн доллардан астам табыс әкелетін жаңа жұмыс кешенінде 1500 жұмыс орны ашылды.
2019 жылда негізі қаланған бұл технопаркте 2020-21 жылдарға арналған 15 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды көздеген. Барлық жоба жүзеге асқан жағдайда жалпы жылдық өндіріс көлемі 800 млн долларға жетеді.