
Құрметті отандастар!
Сіздерді ұлы мейрам - Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанының 28 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын және баршаңызға құрметім мен ізгі тілектерімді білдіремін.
Қадірлі достар!
Коронавирустық пандемияның тарауына байланысты бүкіл әлемде, өкінішке орай, биыл Конституция күнін ауқымды мерекелеу мүмкін емес. Бірақ, соған қарамастан, бұл мерекенің рухы мен салтанаты көңілде, жүрегімізде жалғасуда. Бұл мерекені еліміздегі еңбек ұжымдарында, оқу орындарында және махалаларында қуанышпен атап өтілуде.
Құрметті отандастар!
«Халық - мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі», деген конституциялық норма негізінде біздің елде халық мемлекеттік органға емес, мемлекеттік органдар халыққа қызмет ететін, Конституция мен заңдар үстем болатын тиімді және тұрақты жүйе қалыптасуда.
Конституциямызда көрсетілген әділеттілік қағидатын іс жүзіне асыру үшін үлкен жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, кедейлікті азайту үшін әлеуметтік көмектің жаңа және тиімді тетіктері енгізілуде.
Халықты қинаған мәселені зерттеудің нәтижесінде 2,5 миллионнан астам мүшесі бар 590 мыңнан астам отбасын қолдау үшін 840 миллиард сом бөлінді. Ондағы әр үйдегі әйелдер мен жастардың қажеттіліктері мен проблемалары анықталып, 300 мыңға жуық отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтылды.
Ең бастысы, адамдарда еркін еңбек ету кәсіпкерлік және іскерлік есебнен кедейшіліктен арылу тәжірибесі мен дағдылары дамуда.
Құрметті отандастар!
Мемлекетіміздің және қоғамымыздың басты міндеті - халқымыздың өмірін гүлдендіріп, өркендету, ұлтына, тіліне және дініне қарамастан, елімізде тұратын барлық адамдарға көңіл бөліп, қамқорлық жасау.
Мін осындай ізгі де құрметті мақсат жолында үлкен-кіші отандастарымыз бірлесе еңбек етіп, жаңа Өзбекстанды көртейтуші ретінде алаңға шығады деп сенемін.
Сіздерді тағы да Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын және баршаңызға зор денсаулық, отбасылық бақыт, жеке және қоғамдық өмірде үлкен жетістіктер тілеймін.
Бейбітшілік, тыныштық пен өркендеу ешқашан үйімізден, көрікті елімізден кетпесін!
Барлық ізгі тілектеріміз орындала берсін!
Жаратушының өзі бәрімізді сақтасын!
Шавкат Мирзияев,
Өзбекстан Республикасы Президенті