English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Уктам Барноевтың қазасына көңіл айтып, марқұмның шаңырағына барды
15:54 / 2020-09-21

Мемлекет басшысы қазалы шаңырақта марқұмның анасына, әйелі мен балаларына көңіл айтып, оларға сабырлық тіледі. Құран оқылып марқұмның рухына дұға жасалды


Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің аграрлық және азық-түлік саласын дамыту жөніндегі орынбасары Уктам Барноев 20 қыркүйекте ауыр науқастан қайтыс болуына орай бүгін 21 қыркүйекте Президент Шавкат Мирзияев көңіл айтып марқұмның шаңырағына барды.

Мемлекет басшысы қазалы шаңырақта марқұмның анасына, әйелі мен балаларына көңіл айтып, оларға сабырлық тіледі. Құран оқылып марқұмның рухына дұға жасалды.

Уктам Барноев еңбек жолын өзінің туған жері Бухара облысында бастаған. Кейіннен ол Ауыл және су ресурстары министрлігі мен Министрлер Кабинетінде басшылық қызметтерде жұмыс істеп, 2008-2010 жылдары Самарқанд, 2016-2020 жылдары Бұхара облысының әкімі болды. Ол биылғы жылдан бастап Премьер-Министрдің аграрлық және азық-түлік саласын дамыту жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келе жатқан еді.