English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ташкент металлургия зауытының ашылу салтанатына қатысады
10:36 / 2020-12-04

Бүгін Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласында жаңадан бой көтерген Ташкент металлургия зауытының ашылу салтанатына қатысады.

Бұл алып кешен Өзбекстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Себебі елде қара металлургия саласы онша дамымаған.

Құрылысы 2017 жылдың ақпанында басталған зауыттың толықтай бітуіне 420 миллион доллар жұмсалған. Ал енді жаңа зауыт жылына 500 мың тонна мырыш пен полимер қабатты металл қаңылтыр шығарады. Алдындары мұндай өнімдер негізінен шет елдерден импортталатын.

Зауыт импорттың орнын басатын тауарлар шығаратын болып, бұл Өзбекстан экономикасына жергіліктендіру деңгейін едәуір арттырады. Сондай-ақ жылына 90 миллион доллардың өнімін экспорттау жоспарланып отыр. Кешенде 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Десе де байланысты салалармен бірге 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысы бүгін атаулы кешеннің ашылу салтанатына қатысып, өндіріс барысымен танысуы жоспарланған.