
Президент Шавкат Мирзияев Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында салынған жаңа хирургиялық кешенмен танысты.
Мұнда кардиохирургия, трансплантология, жүйке-тамыр хирургиясы және реанимация бөлімдері жұмыс істейді. Олар жылына 3 мың науқасқа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.
Осы жерде денсаулық сақтау жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы басымдықтарға арналған бейне селекторлық жиын өтті.
Биыл 18 наурызда Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерімен «ашық диалог» өткізгені белгілі. Бүгінгі кездесу сол диалогтың мәндә жалғасы болды.
Президент сөзінің басында салада атқарылған жұмыстар мен олардың мәніне тоқталды. Атап айтқанда, биылғы жылы 106 жаңа отбасылық дәрігерлік пункт пен емхана, 1000 кварталдық медициналық пункт ашылды. Осы арқылы 3,5 миллион тұрғынға алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жақындатылған.

Шетелдік озық тәжірибе негізінде халықтың кепілдендірілген тегін медициналық қызметтерге қажеттілігінің балансы жасалды. «Дәрігерлік бригадаларға» қосымша 3600 балалар медбикелері мен акушеркалар бөлінді.
Отбасылық дәрігерлер тарапынан тегін тарататын дәрі-дәрмек 45-тен 70 түрге дейін өсті. Бұған бөлінген қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан.
Сондай-ақ 820 бастапқы медициналық мекемеге диагностикалық құрал-жабдықтар жеткізілді.
Отбасылық емханаларда 19 мыңнан астам күндізгі емдеу орны ашылды. Соның нәтижесінде 740 мың тұрғынға ауруханаға бармай-ақ маңайда емделуге мүмкіндік жасалды.

Сондай-ақ 40 жастан асқан халықтың 70 пайызы, яғни 10 миллионнан астамы жүрек ауруы мен қант диабетін ерте анықтау мақсатында скринингтік тексеруден өтті.
Жоғары технологиялық хирургияға мұқтаж 16 мың науқастың 3,2 мыңы облыс пен аудандарда емделеді.
Республикада алғаш рет ордер жүйесі арқылы 29 жекеменшік ауруханамен келісім-шарт жасалды.
Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға өсті. Сондай-ақ, дәрігерлерге еңбек тиімділігі мен нәтижесіне қарай сараланған ынталандыру және сыйлықақы төлеу енгізілді.

Жалпы, биыл медицинаға 28 трлн сум бөлінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есеге көп.
Жиында өңірлердегі өзекті мәселелер талқыланып, 272 елді мекенде медициналық пункт жоқ екені айтылды.
«Ауыл дәрігері» бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендердің тізімі 297-ге дейін жеткізілді.
Осы бағдарлама негізінде 191 дәрігер жұмыс істей бастады. Дегенмен, шалғай ауылдардағы тағы 171 бос орынды толтыру қажет.

Қауіп тобына жататын 40 жастан асқан халықты скринингтік тексеру кейбір аймақтарда нашар жүргізілген.
Бастауыш деңгейдегі тағы бір өзекті мәселе – ана мен баланы қорғау мәселесі. 2010 жылға дейін республикада жыл сайынғы туу 600 мыңның төңірегінде болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 950 мыңнан асты. Сондықтан перзентхана орындарының санын көбейту керектігі баса айтылды.
Осы жылдың 16 маусымында Президент «Халыққа жедел медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру туралы» қаулысы қабылданды. Бұл арқылы жедел жәрдем шақыру уақытын 3 есеге, шығындар 25 пайызға қысқаруы жоспарланған. Бұл жаңа жүйе Әндіжан, Жызақ, Самарқанд және Сұрхандария қалаларында іске қосылып жатыр.
Алайда қалған аймақтарда құрылыс жұмыстары басталған жоқ.

Республикалық эндокринологиял, кардиология және хирургия орталықтарының жұмысы көңіл көншітпейтіні айтылды. Сондықтан 23 мамандандырылған орталық, облыс және министрлік арасында үш жақты келісім жасау туралы ұсыныс болды. Бұл ретте орталықтар өңірлердегі ауруларды ерте анықтау, жоғары технологиялық емдеу және оларды азайту бойынша, облыс әкімдері ауруханаларды жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықтау, ал министрлік аймақтарда жақсы нәтиже көрсеткен дәрігерлер мен орталық басшыларын ынталандыру міндеттеді.
Медициналық мекемелерді заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде кешіктірілгені де айтылды.
Жиында мұндай олқылықтарды жоюдың жолдары туралы әкімдер мен сала жауаптыларының ақпараты тыңдалды.
Мамандандырылған орталықтардың басшылары мен дәрігерлер ауруларды емдеу және алдын алу сапасын арттыру бойынша ұсыныстарын айтты.
Осылардың негізінде Президент шенеуніктерге бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсартудың үш жылдық бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.

Биыл 300 махаллада медициналық пункттер құрылса, келесі жылы 140 отбасылық дәрігерлік орталық пен емхана салынып, жабдықталды.
Бала туу орындарын кезең-кезеңімен көбейту, барлардың жағдайын жақсарту, туа біткен ақаулардың алдын алу, аналарды пайдалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.
Мамандандырылған орталықтарда жаңа жоғары технологиялық емдеу әдістері енгізіліп, 640 жедел жәрдем көлігі сатып алынатыны айтылды.
Министрлер Кабинетiне медбикелердi даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, жұмысын ынталандыру, тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселелерiн қамтитын шешiм жобасын әзiрлеу тапсырылды.