English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлесті
20:21 / 2022-05-19

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 19 мамырда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында, тараптар Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Әртүрлі деңгейдегі өзара ықпалдастық пен алмасудың жанданғаны атап өтілді. Сауда-экономикалық ынтымақтастық кеңейіп келеді – жыл басынан бері тауар айналымы 30 пайызға өсті.

Қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және бес маңызды бағыт – Мемлекеттік шекара мәселесі, тауар айналымын ұлғайту, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, көлік және энергетика салаларындағы бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілету бойынша практикалық ынтымақтастықта нақты нәтижелерге қол жеткізуге ерекше назар аударылды.

Өңірлік диалог мәселелерін талқылау барысында Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Саммитінің күн тәртібін жан-жақты дайындаудың маңыздылығы сөз болды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшылары алдағы екіжақты және көпжақты іс-қимыл жоспарларын қарастырды.