English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Режеп Тайып Ердоған екіжақты және аймақтық өзекті мәселелерді талқылады
20:02 / 2022-01-06

2021 жыл 6 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында екі ел басшылары Өзбекстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы жағдай, атап айтқанда Қазақстандағы оқиғалар туралы пікір алмасты.

Президенттер Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау қажеттігі туралы келісті.

Бұл ретте мемлекет басшылары туындаған жағдайды бейбіт жолмен шешуге шақырып, зорлық-зомбылық пен жағдайдың ушығуына жол бермеудің маңыздылығын атап өтті.