English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті
20:04 / 2022-05-17

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Президентін туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт пен табыс, ал бауырлас Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

Әңгімелесу барысында, Өзбекстан-Қазақстан достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастары қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

Биылғы жылдың басынан бері екіжақты тауар айналымы тұрақты өсуде. Соңғы уақытта екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы қайта жанданды.

Күні кеше Өзбекстан мен Қазақстанның үкіметтік делегациялары өткізген келіссөздердің практикалық нәтижелеріне жоғары баға берілді. Бірлескен ынтымақтастық жобаларын дайындау мен жүзеге асыруды жеделдету маңызды екені атап өтілді.

Президенттер халықаралық күн тәртібі мен өңірлік ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері жөнінде де пікір алмасты.