English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті
15:05 / 2019-12-30


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында бір-бірлерін кіріп келе жатқан жаңа 2020 жылмен құттықтап, аяқталып келе жатқан осынау жылда Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көп ғасырлық достықты, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайтуда айтарлықтай ілгерілеушіліктерге қол жеткізілгені жайлы сөз етті.

Өзара сауда айырбастау көлемі артып, өнеркәсіп пен көлік саласындағы ынтымақтастық кеңейіп, аймақаралық және гуманитарлық байланыстар күшейе түсті. Сонымен қатар Өзбекстанда Қазақстан жылы аясындағы шаралар сәтті өтті.

Әнгіме барысында, қараша айында Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші кездесуінің жемісті болғандығы айтылып, екіжақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.