Шавкат Мирзияев пен Эмомали Рахмон телефон арқылы сөйлесті
Президенттер екі ел және Орталық Азия аймағындағы коронавирустық эпидемияның таралуы жөнінде пікір алмасты
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 9 сәуірде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.
Президенттер екі ел және Орталық Азия аймағындағы коронавирустық эпидемияның таралуы жөнінде пікір алмасып, оған қарсы нәтижелі күрес мақсатында тиімді шараларды жасау мен өзара көмектесу, тиісті медициналық және басқа байланысты қызметтерде арадағы жақын ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екендігі айтылды.
Екіжақты тату көршілік пен стратегиялық серіктестіктің даму қарқынына пандемияның теріс әсерін азайту үшін сақтық шараларын қабылдау қажет екендігі сөз болып, сауда-экономикалық, инвестициялар, қаржы, көлік және коммуникация салалары сонымен қатар аймақаралық ынтымақтастықті күшейту оның ішінде Ташкент пен Душанбе арасындағы алмасулар аясындағы жүзеге асырылып жатқан жобалар жане дәйекті бағыттар белгіленді.
Сұхбат барысында Өзбекстан және Тәжікстан Президенттері аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелерді де талқылады.