English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Эммануэль Макрон Өзбекстанның бай материалдық мәдениетіне арналған көрмемен танысты
01:54 / 2022-11-23

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макрон жұбайларымен бірге Париждегі Араб әлемі институтына барды.

Бүгінде институт пен Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Мәдениет пен өнерді дамыту қоры бірлесіп «Самарқандқа жол. Жібек пен алтын ғажайыптары» атты көрмесі ұйымдастырылып, оған Өзбекстанның XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың басына дейінгі бай материалдық мәдениеті ұсынылған.

Өзбекстанның 9 ірі музейінен 300-ден астам экспонат биылғы жылдың 23 қарашасынан 2023 жылдың 4 маусымына дейін Францияда алғаш рет халықаралық жұртшылық назарына ұсынылады.

Көрмеге Нөкіс, Самарқанд, Бұхара және Ташкент музейлерінен алынған тоқыма бұйымдары, киім-кешек пен аяқ киім, бас киім топтамалары, сондай-ақ Түркістан авангарды бағытына жататын 24 қылқалам туындысы қойылған. Дайындық аясында 89 зергерлік бұйымдар қалпына келтірілді.

Президенттерге көрме бойынша экскурсия ұйымдастырылып, экспонаттар жан-жақты түсіндірілді.

Қолөнерші бабалардың қолымен жасалған құнды әрі ерекше шығармашылдығы мен шеберлігін айғақтайтын бұл бұйымдардың алуан түрлілігі және талғампаздығы Франция тарапының таңданысын тудырды.

Осымен Өзбекстан Республикасы Президентінің Францияға ресми сапары аяқталды. Президент Эммануэль Макрон мен жұбайы Өзбекстан басшысы және жұбайымен шынайы қоштасты.