English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев осы аптада өтетін жаһандық саммитке қатысады
15:05 / 2021-05-24

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың басталған жаңа аптадағы жұмыс жоспары жайлы ақпарат берілді.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов 24 мамырда өткен дәстүрлі брифингте мәлімдеп, Мемлекет басшысы бұл аптада алыс аудандарда мектепке дейінгі білім беру мекемелерін құру туралы таныстырылымға және «Узагрохимоя» жүйесін реформалау жөніндегі кеңеске қатысатынын хабарлады.

Оның айтуынша, Президенттің қатысуымен өңірлерде ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыру, көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы, олардың инфрақұрылымы және қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша бейнеконференция өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жұмыс аптасының соңына қарай  тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру бағдарламасын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кеңейтілген отырыс жоспарланған.

«Президент Шавкат Мирзияев 30 мамырда Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен бейне байланыс форматында өтетін «Жасыл даму және жаһандық мақсаттар үшін серіктестік - 2030» Екінші халықаралық саммитінде сөз сөйлейді», - деді Шерзод Асадов.

Мемлекет басшысының  баспасөз хатшысы жоспарланған іс-шаралар кестесінде өзгеріс болатын жағдайда, олар жайлы толықтай келесі брифингте мәлімдейтінін айтты.