English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев орденмен марапатталды
23:01 / 2022-09-15

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевті елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы зор қызметтері үшін Ресейдің Александр Невский орденімен марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекет басшысын осы орденмен марапаттау туралы жарлық осы жылдың шілде айында қабылданған болатын.

Президент награданы қабылдай отырып, мұны ең алдымен бүкіл Өзбекстан халқының өзара достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін мойындау деп санайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Александр Невский орденімен Ресей Федерациясымен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және оның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан көрнекті шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері марапатталады.