English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Әндіжандағы тоқыма кәсіпорының жұмысымен танысты
14:31 / 2023-02-01

Президент Шавкат Мирзияевтің Әндіжан облысына сапары Бустон ауданынан басталды.

Жақында мұнда «Сайяра Фаввораси» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тоқыма кәсіпорнын іске қосты.

Жалпы құны 113 миллиард сумды құрайтын бұл жоба аясында ғимарат құрылып, Түркиядан келген заманауи қондырғылар орнатылды. Соның нәтижесінде жылына 1 млн 200 мың дана 50-ден астам дайын ер-әйелдер және балаларға арналған трикотаж бұйымдарын шығару жолға қойылды. Мыңға жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды.

Кәсіпорын «Elegance SM» брендімен сапалы, талғамды өнімдерінің басым бөлігі экспортқа шығарылуда. Жылдық экспорт көлемі 4 миллион долларды құрайды деп жоспарланған.

– Біз бұл кәсіпорынның негізін қалап жатқанда бүгінгідей болып шығады дегенге көпшілік сенбеді. Бустон экономикалық жағынан артта қалған аудандардың бірі еді. Осындай кәсіпорындардың ашылып, халқымыздың табыс тауып жатқаны қуантады. Осыны жалғастырып, жұмыс орындарын көбейтуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Осы жердің өзінде кәсіптік оқыту орталығы құрылған. Өңірдің жұмыссыз азаматтары кәсіп үйреніп, өз жолын табуда. Атап айтқанда, жақында 200 қыз-келіншек оқытылып, жұмысқа орналастырылды.

Президент олармен әңгімелесу барысында әйелдің білімі мен шеберлігі отбасының үлкен жетістігі екенін атап өтті. Кәсіпорын жұмысына табыс, әйелдерге отбасылық амандық тіледі.