Шавкат Мирзияев Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесті
Осы айда тағы бір тәжірибелі анестезиолог-реаниматолог дәрігері Өзбекстанға келеді деп күтілуде
13 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ӨР Президент баспасөз қызметі.
Сұқбат барысында Мемлекет басшылары дәстүрлі достық және көтеріңкі рұхта екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту және жан-жақты ынтымақтастықты, әсіресе сауда-экономикалық саласын кеңейту мәселелерін талқылап, өңірлік және халықаралық маңызы бар кейбір мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрестегі ынтымақтастық пен күш-жігерді біріктіруге ерекше назар аударылып, ӨР Президенті Мун Чжэ Инге пандемиямен күресуде практикалық көмек көрсеткені үшін шынайы ризашылығын білдірді. Атап айтқанда, наурыз айының соңынан бастап корейлік профессор-эпидемиолог өзінің терең игерген білімі және тәжірибесімен бөлісіп, Өзбекстанда белсенді жұмыс атқаруда. Осы айда тағы бір тәжірибелі анестезиолог-реаниматолог дәрігері Өзбекстанға келеді деп күтілуде.
Сұқбат аясында екі елдің Денсаулық сақтау министрліктері мен жетекші медициналық орталықтары арасында жедел ынтымақтастық орнатуға және сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық және ғылыми-инновациялық ынтымақтастықта қол жеткізілген қарқынын сақтау мәселелерін жан-жақты талқылады.
Телефон сұхбатының соңында Президент Мун Чжэ Ин Корея Республикасының достас Өзбекстанға бүгінгі күнгі маңызды қиындықтар мен заманауи қауіп-қатерлерді тезірек еңсеруге барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.