
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 20 қараша күні Ташкент қаласында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлері және мұғалімдермен кездесті.
Айтулы кездесуде Мемлекет басшысы білім беру мен медицинадағы реформалардың маңыздылығы, оларды ішкі жүйеге енгізу шаралары жөнінде сөз қозғап: Ташкентте сапалы медициналық көмек пен мектептегі білімге қалай қол жеткіземіз? Осы сұрақ мені мазалайды. Сіздермен кездесуден мақсат - төменгі жүйенің мәселелерін білу, дұрыс жолды таңдау. Медицина мен білім - мемлекет пен халық арасындағы әділет көпірі. Егер бәріміз өзімізді азаптасақ та, әділ болып, осы жүйені түзесек, әне сонда әділеттілік орнайды. Халық ырза болады. осыған Ташкент үлгі болуы керек, - деді Шавкат Мирзияев.

Қазіргі кезде пандемия қай салада кемтік бар екенін, реформа мен даму бағыттарын көрсетті. Осы жылдың 30 қазанында білім беру саласында, 6 қарашада денсаулық сақтау саласында өткен бейнеконференциялы жиындарлдың мақсаты осы болды. Жиында талқыланған өзекті мәселелер мен айтылған ұсыныстар негізінде білім мен ғылымды дамыту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне мүлдем жаңа механизмдерді енгізу, салауатты өмір салтын кеңінен енгізу туралы Президенттің жарлығы мен қаулылары қабылданды.






