English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев машина жасау саласын трансформациялау жөнінде кеңес өткізді
22:11 / 2021-01-13

13 қаңтарда Президент Шавкат Мирзияев машина жасау саласын қайта құру және саладағы бәсекелестікті дамыту бойынша кеңес өткізді.

Бұл сала елдегі экономиканың жетекші салаларының бірі ретінде, өнеркәсіптің 11% үлесін құрайды. Деседе, қорытндыға сәйкес бұл салада өндірісті бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік бар.

Бүгінде бірқатар компаниялар өндірісті ашып, Өзбекстанға инвестиция салғысы келеді. Сондықтан мемлекет басшысы локализация деңгейіне сүйене отырып, тауар өндірушілерге бірдей жағдай жасауды тапсырды. Мұнда, автомобильдерді өнеркәсіптік жолмен жинау, жылына 50-60 мың қол жетімді автокөлік пен электромобильдер шығаруға қаражат салу қажет екендігі айтылды.

Биыл Хорезмде автокөлік қабырға бөлшектерін шығаратын, Әндіжанда 4, Науаиы облысында 2 жергіліктендіру жобасы іске қосылады. Ынтымақтастық платформасы аясында 122 жеке кәсіпкерліктің қатысуымен тағы 80 дана бөлшек өндірісі локализацияланатын болады.

1 шілдеге дейін желідегі 40 кәсіпорынды трансформациялау басталып, өнеркәсіпте бәсекелестік ортаны дамыту үшін компания құрамындағы қосалқы бөлшектер мен бөлшек шығаратын 23 кәсіпорынды жекешелендіруге дайындау қажет екендігі айтылды.бұдан бөлек «Узавтосаноат» кәсіпорнының негізгі қызметіне қатысы жоқ 14 ұйымның акцияларын сату міндеті жүктелген.

Жиында қол жетімді техникалар өндірісін жолға қою, оларды оқшаулауды осы жылдың соңына дейін 30% -ға және келесі жылы кем дегенде 45% -ға дейін арттыруға тапсырма берілді.