English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Иран делегациясын қабылдады
19:36 / 2022-03-09

9 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Иран Ислам Республикасы Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде Өзбекстан-Иран қарым-қатынастарын одан әрі кеңейту мәселелері мен аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілері талқыланды.

Сұхбат басында Али Шамхани Шавкат Мирзияевқа Иран Президенті Ибрахим Раисидің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Өзбекстан басшысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өзара тауар айналымының көлемі артып, екі елдің жетекші кәсіпорындары мен компанияларының өндірістік кооперациясы кеңейіп келеді. Өткен айда Тегеранда Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы мен бизнес-форум сәтті өтті. Басқа да бірқатар маңызды шаралар жоспарланған.

Бүгін Ташкент қаласында өткен Қауіпсіздік бойынша біріккен комиссиясының бірінші отырысының практикалық нәтижелері оң бағаланды.

Сонымен қатар, кездесу барысында сауда-экономикалық және көлік-коммуникациялық салалардағы әріптестік жобалары мен бағдарламаларын ілгерілету, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде терроризм, экстремизм, трансұлттық қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымы қаупінің артуына қарсы күресте тиімді ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай және осы елдегі гуманитарлық дағдарысты еңсеру үшін қажетті көмек көрсету шаралары туралы пікір алмасты.