Шавкат Мирзияев Эмомали Рахмонды құттықтады

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасы Президенті Эмомали Рахмонды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне зор денсаулық, отбасылық бақыт және өзінің жауапты мемлекеттік қызметінде жаңа жетістіктер мен достас Тәжікстан халқына бейбітшілік пен тұрақты даму тіледі.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.