Шавкат Мирзияев депутаттарды халық сеніміне ие болуымен құттықтады

Мемлекет басшысы депутаттарды ең алдымен әрқашан халық қамымен өмір сүріп, азаматтарды қинап жатқан мәселені шешуге көмектесіп басқаларға үлгі болуы керектігін алға тартты
Ташкентте, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығарушы палатасының алғашқы отырысында Президент Шавкат Мирзияев сөз сөйлеп, сайлауда халық сеніміне ие болған депутаттарды құттықтады.
-Парламент пен жергілікті Кеңестерге өткен сайлау Өзбекстан үшін үлкен сынақ болды. Сайлау науқаны кезінде саяси партиялар тарапынан қоғамдағы ең өзекті мәселелерді шешуге көптеген уәделер берілді. Алдағы уақытта халық бізден сол уәделердің орындалуын күтеді. Сіз мұны сезінуіңіз керек, сайлаушылар әрқашан сіздің көз алдыңызда болуы керек. Депутат ең алдымен әрқашан халық қамымен өмір сүріп, азаматтарды қинап жатқан мәселені шешуге көмектесіп басқаларға үлгі болуымен де ол құрметті бола алады, деп Президент депутаттарға алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Олий Мажлис Заң шығарушы палатасының алғашқы отырысындағы хабарларды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.