English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев: дәрігерлердің өз кәсібіне адалдығы, еңбегі – ерліктің үлгісі
22:03 / 2020-03-26

Жиында Мемлекет басшысы глобалды пандемияға байланысты Өзбекстан халқына тағыда үндеу жолдады


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің 26 наурызда коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күресті күшейту туралы кезект бейнеконференциялы жиын өткізді.

Жиында Мемлекет басшысы глобалды пандемияға байланысты Өзбекстан халқына тағыда үндеу жолдады.

- Бүгінгі таңда бүкіл әлем, адамзат қиын кезеңдерді бастан өткеруде. Коронавирус инфекциясы 190-нан астам елге таралып, пандемияға айналды. Науқастардың саны 450 мыңнан, ал қайтыс болғандардың саны 21 мыңнан асты. Өкінішке орай бұл індет біздің елдіде сырт айналып өткен жоқ. Қазіргі уақытта елдегі науқастар саны 65 адамға жетті.

Сондықтан осы мәселені оңды шешуге қатысты Премьер-министр басшылығында комиссия мен Дағдарысқа қарсы қор құрылып, пандемияға қарсы 10 трлн сум қаржы бөлінді. Елдегі барлық жұмысшыларды қашықтықтан жұмыс режиміне өткізіп, медициналық мекемелердегі бақылауды барынша күшейттік. 100 мыңға жуық медмамандар жұмылдырылып, оларға әкімдіктер, ішкі істер, төтенше жағдай және полиция қызметкерлері көмек беруде.

Сонымен қатар шетелдегі отандастарды елге қайтару мәселесіде шет қалып тұрған жоқ. Бұдан басқа димломатиялық миссияларымыз арқылы Ресей, Қытай, Сингапур сынды елдерден тест-сынақ жүйелері мен медицина мамандарын тарту жұмыстары да жүргізілуде. Сайып келгенде мұның барлығы халықтың ауруды жұқтырудан сақтауға бағытталған болып вирустың тарауын болдырмауға қаратылған. Соның үшін карантиндік тәртіпті бұзған және ел ішіндегі халықтың өмірін қатерге қойған азаматтарға берілер жазаны күшейту мақсатында жаза мерзімін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заңға қол қойдым.

Бұл індеттің алдын алуға ең үлкен үлес қосып, мемлекет азаматтарының жанына шипа үлкескен дәрігерлердің еңбегі орасан. Күндіз түні бірелі тыным таппай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың еңбегін елеулі бағалай тұрып карантиндк мерзімде коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеу орталықтарында жұмыс атқарып жүрген дәрігерлердің жалақысына ай сайын 25 миллион сум, медбике мен лаборанттарға 15 миллион сум, санитар қызметшілерге 10 миллион және басқа жұмысшаларға 5 миллион сумнан сыйақы төлемдері берілетін болады. Бұдан бөлек науқастар мен жұмыс кезінде ауру жұқтырған медицина мамандарына 100 миллион сумнан бөлек қаржы берілмек.

Құрметті медицина мамандары, өз өіміріңіз бен денсаулығынызға қауіп төніп тұрса да, пандемиямен күресіп жатқан дәрігерлер, санитар қызметшілер бүгін мен сіздерге Өзбекстан халқы атынан мен үлкен алғысымды білдіремін, - деді мемлекет басшысы.