Шавкат Мирзияев Қазақстан Президентімен кеңейтілген құрамда кездесу өткізді

Президент Шавкат Мирзияев және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздерді кеңейтілген құрамда жалғастырды. Онда екі мемлекет министрлері мен ірі компания басшыларынан құралған делегация өкілдері қатысты.
Президент Шавкат Мирзияев және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздерді кеңейтілген құрамда жалғастырды. Онда екі мемлекет министрлері мен ірі компания басшыларынан құралған делегация өкілдері қатысты.
Бұл жайында Өзбекстан Республикасы Президенті Баспасөз құзметі хабарлайды.
Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тату көрші, достық пен бауырластыққа негізделген. Екі жақты ынтымақтастық барлық бағыттар бойынша белсенді дамып келеді.
Тараптар 2018-2019 жылдарға арналған Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын дәйекті жүзеге асыру біздің елдеріміздің ортақ стратегиялық мақсаттарына негізделген өзара тиімді және өзекті экономикалық серіктестікті кеңейтуге қызмет ететінін атап өтті.

Соңғы екі жылда осы саладағы қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілді. Аймақтар мен кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамыды. Нәтижесінде сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келеді. Бұл мәселеде 2018 жыл қарқынды даму уақыты болды. Сауда айналымының көлемі 50 пайызға артып, 3 миллиард доллардан асты.
Тараптар, бұрын келіскендей, бұл көрсеткішті алдағы жылдары 5 миллиард долларға жеткізуге уағдаласты. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екі жақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияға, сауда қатынастарының ауқымын кеңейтуге және экономикалық ынтымақтастықтың жаңа ұзақ мерзімді нысандарын табу және дамыту міндеті жүктелді.
Бұл өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты біріктіруге және кеңейтуге, сауданың, инвестицияның, логистиканың, интеграцияланған индустриалды технопарктердің, ғылыми және инновациялық кластерлер мен еркін экономикалық аймақтардың жаңа перспективалық жобаларын іске асыруға ықпал етеді.
Тараптар 2018 жылдың қараша айында Шымкент қаласында өткен алғашқы Өзбекстан – Қазақстан аймақаралық ынтымақтастық форумының және 2019 жылдың наурызында Ташкент қаласында өткен Орталық Азия елдерінің бірінші аймақтық экономикалық форумының нәтижелерін оң бағалады.

Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттік шекараларын демаркация жасау, сондай-ақ өткізу пункттерінің сапалы қызмет етуіне жағдай жасау жұмыстары табысты жалғасып жатқаны, екі елдің шекаралас аймақтарыдағы халықтың тұрмыс жағдайын жақсылау, трансшекаралық экономикалық байланыс және гуманитар алмасуды жақсарту, азаматтардың өзара сапарларында белсенді түрде қызмет еткенін ерекше ықыласпен атап өтті.
Келіссөздер барысында көліктік, логистикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Көлік байланыстары саласындағы ынтымақтастықты дамыту біздің елдеріміздің экспорттық әлеуетін және транзиттік әлеуетін кеңейтетіні айтылды.
Сондай-ақ, туризмді, мәдениетті, ғылымды және білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. Өткен жылы Қазақстандағы Өзбекстан жылы үлкен ауқымда өтті және оның аясында өткізілетін іс-шаралар біздің халықтарымыз арасындағы достық пен бауырластық қатынастарды нығайтты. Осы ауқымды мәдени шараның мәнді жалғасы ретінде биылғы жылы Өзбекстандағы Қазақстан жылы болады және ол Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары аясында ашылады.