English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев «Aysel Energy» кәсіпорнының қызметімен танысты
17:09 / 2023-02-08

Президент Шавкат Мирзияев Ташкент қаласындағы «Aysel Energy» ЖШС қызметімен танысты.

Биылғы қыстың біршама суық болғаны электр жүйесіндегі келеңсіздіктерді анық аңғартқаны белгілі. Атап айтқанда, кейбір ескі трансформаторлар жүктемені көтере алмай, нәтижесінде электр қуатының үзілуі байқалды.

Мемлекет басшысы сала басшыларына электр желілерін жаңартып, қажетті құрал-жабдықтардың өндірісін кеңейтуді тапсырған еді. Бұл сапар сол міндеттерді жүзеге асыру және болашақта энергетикалық мәселелердің алдын алудың бір бөлігі болып табылады.

«Aysel Energy» жылына 10 мың дана ірі электр жабдықтарын шығаруға қауқарлы. Кәсіпорында түрік технологиясымен жергіліктендіру деңгейі 70 пайызға жетті. Соның нәтижесінде өнімнің өзіндік құны мен монтаждау құны біршама төмен. Бұл Ташкент қаласында ғана емес, республика бойынша ескірген трансформаторларды жаңартуға мүмкіндік береді.

Шенеуніктер биыл Өзбекстанда 3200 трансформатор мен 12 мың шақырым кабельге қажеттілік бар екені жайты ақпарат берді. Импорттың талдау негізінде Мемлекет басшысы өндіріс көлемін ұлғайтып, жергілікті өнімге тапсырысты арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Жалпы, энергетика саласындағы мұндай жұмыстар электр желілерінің тұрақтылығын арттырудың маңызды факторы болып табылады.